Жүгіру жолы
Кіру
AA+
ТОО «Ескендир 07»

"Ескендир 07" ЖШС

Адрес
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганский 298/1
Телефон
+7 778 997 65 06
Жүгіру жолы
ТОО «Ескендир 07»

"Ескендир 07" ЖШС

Адрес
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Зачаганский 298/1
Телефон
+7 778 997 65 06
«Ескендир» жеке бөбекжайы 2022 жылдың 6 желтоқсанынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес жұмыс жасап келеді. Бөбекжайда тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында 5 дағды бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі:
 
1. Физикалық қасиеттерді дамыту – балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, спорттық ойындар мен сауықтыру шараларын ұйымдастыру.
2. Коммуникативтік дағдыларды дамыту – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге және қарым-қатынас жасауға үйрету.
3. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту – қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын, есте сақтауын және зейінін дамыту.
4. Шығармашылық дағдыларды қалыптастыру – сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
5. Әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды қалыптастыру – үлкендерді құрметтеуге, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, өз сезімдерін дұрыс жеткізе білуге үйрету.
 
Осы бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына, мектепке дайындығының қалыптасуына және тұлғалық қасиеттерінің дамуына жағдай жасалады.
 
«Ескендир» жеке бөбекжайы өз қызметі барысында ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, бала тәрбиесіндегі ынтымақтастықты басты назарда ұстайды. Бөбекжай ұжымы балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуді басты міндет деп санайды.